«Үш тілді бастауыш сыныпта оқыту қажет пе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді.

1.04.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес «Үш тілді бастауыш сыныпта оқыту қажет пе?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Бұл тақырыпты арнайы пән оқытушысы А.Мамырханова жақтап шықса, пәндік/циклдік комиссия меңгерушісі Б.Торыжанов бастаған топ даттап шықты.
Іс-шараға оқытушылар мен қызметкерлер, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып, жиын соңында өз пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Б.Торыжанов бастаған команда жеңіске жетті.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған