«Ұлттық таным мен тағылым» өнеге сайысы

15.05.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Б.Серикованың ұйымдастыруымен «Ұлттық таным мен тағылым» өнеге сайысы өтті. Іс-шара мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптейтін «Отбасы хрестоматиясы» жобасымен жарық көрген «Салт-дәстүр сөйлейді», «Мың сұрақ» кітаптарымен танысу. ТҰРАТ 9-181, АТУЖТ 9-181, САД 9-181 топ студенттері өзара сайысқа түсіп, ырым-тыйым, әдеп-ғұрыптарға байланысты сахналық қойылымдар қойып, жырдан шашу шашты. «ХХІ ғасыр Әбілдасының» рөліне еніп, «Мың сұрақ» қамтыған сауалдарға жауап беріп, ұстаздары мен студент жастарға рухани кеш сыйлады. Кеш соңында іс-шараға белсене қатысқан студенттер колледж директорының арнайы Мадақтама қағазымен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған