Ұлылықтың басында ұстаз тұрар…

04.10.2019ж. күні Шымкент қаласының әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар…» тақырыбында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткен қалалық салтанатты жиында Жол – көлік колледжінде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері», «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген Құрметті Қызметкер» төс белгілерінің, ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, ҚР ОҚО Мәслихатының Құрмет грамотасы, ҚР ОҚО әкімінің Алғыс хаты, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Дипломының иегері, колледжде аға буын жоғары санатты оқытушы, колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымыныңтөрағасы ЕШИМОВ РАХМАНБЕРДІ АНАРБАЙҰЛЫН арнайы АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.
Құрметті Рахманберді Анарбайұлы!
Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Марапатыңыз құтты болсын!!!
Жол-көлік колледжінің ұжымы

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған