«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесін аса үлкен ұйымшылдықпен атап өтілді

17.03.2023ж. Жол-көлік колледжінің ұжымы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесін аса үлкен ұйымшылдықпен атап өтті. Мерекеде қазақтың салт-дәстүрлері «Шолпы тағу», «Босағаға май жағу», «Қыз ұзату», «Құрсақ шашу», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» салттарынан сахналық қойылымдар қойылды. Мерекелік кеш ары қарай «Келіндер сайысымен» жалғасын тапты. Кеш соңында қазақтың ұлттық ойындары ләңгі тебу, арқан тарту, асық ату ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған