«Ұлы даланың жеті қыры» атты іс-шара

27.02.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында жастардың бойына ұлттық кодты сіңіріп, тарихи санасын жаңғырту, дүниетанымын кеңейту мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры педагогикалық идеялар тоғысында» атты қалалық семинар өтті. Аталмыш іс-шараға Білім басқармасы мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан келген қонақтар қатысты. Іс-шараны колледж директоры Г.Ү.Искакова салтанатты түрде ашты. Іс-шара «Көшпенділер өркениеті – ер Түріктің бесігі» тақырыбындағы сахналық қойылыммен басталып, әр түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ:
– «Отандық металлургияның өткені мен бүгіні».(«Ұлы даладағы ежелгі металлургия», «Аң стилі», «Алтын адам» тақырыптары аясында ) тақырыбында интеграциялық сабақ;
– «Атқа міну мәдениеті» тақырыбында атбегімен сыр-сұхбат; 
– «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында дөңгелек үстел;
– «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында ашық тәрбие сағаты;
– Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» тақырыбында прессконференция.
Сондай-ақ, «Ұлы даланың жеті қыры – ұлттық дамудың платформасы», «Архив-2025» көрмелері қойылды. Семинар соңында түрлі тақырыптарда өткен іс-шараларға қатысқан қонақтар өз пікірлерімен бөлісіп, семинарға жоғары бағаларын берді және колледж ұжымы мен студенттеріне алғыстарын білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған