«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында үштік одақпен (ата-ана, бала, оқытушы) тренинг ұйымдастырылды.

26 сәуір, 2023 жылы «Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес колледж кітапханасында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбында үштік одақпен (ата-ана, бала, оқытушы) тренинг ұйымдастырылды. Тренинг барысында ата-аналар, оқушылар, оқытушылар бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын айтып, оқушылармен бөлісті. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, сұхбат құрды. Кеш соңы әсем әуенмен жалғасын тапты.
Апталық 28 сәуірге дейін жалғасады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған