«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты салтанатты мерекелік құттықтау жиыны

05.10.2020ж. күні Шымкент қаласы білім басқармасы Жол-көлік колледжінде «Ұстаздар күні» мерекесіне орай карантиндік қатаң талаптарды сақтай отырып, » Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік » атты салтанатты мерекелік құттықтау жиыны өтті. Мерекелік іс-шараны колледж директоры Г.Ү.Искакова алғы сөзімен ашып, ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, қиын да қызығы мол ұстаз еңбегіне үлкен бағасын беріп, ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Мерекелік іс-шарада колледжге еңбегі сіңген және жас ұрпақты тәрбиелеп,білім беруде жоғары жетістіктерге жеткен ұстаздарға:
– ҚР Білім және ғылым министрлігі;
– Шымкент қалалық Мәслихаты;
– Шымкент қалалық «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі;
– «Nur Otan»партиясының;
– Шымкент қалалық білім басқармасы;
– Абай ауданы әкімінің «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталары», сондай-ақ, колледж директорының «Алғыс хаттары» салтанатты түрде табыс етілді. Ал, колледж студенттері – өз ұстаздарына деген жылы лебіздері мен ән шашуларын, алғыстарын қашықтықтан онлайн форматта жеткізді. Мерекелік жиын соңында колледжде дәстүрге айналған педагогикалық білім беру қызметі және шығармашылық ізденіс бағыты бойынша қорытындыланатын 2019-2020 оқу жылы нәтижесінде Рейтингте үздік көрсеткіш көрсеткен 1402000,1410000 мамандықтары арнайы пәндер циклдік комиссиясына – төрағасы У.Ж.Бекмуратоваға Ауыспалы Кубок, ал жүлделі ІІ –ІІІ орынға ие болған Жалпыбілім және жалпыкәсіптік ПЦК -на төрағасы Н.Т.Сақбаева мен Қоғамдық – гуманитарлық және дене, әскери-патриоттық тәрбиелеу ПЦК төрағасы М.С.Тәнтікке арнайы Диплом және қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар ұстаздардың білім беру қызметі бойынша жоғары рейтингтік көрсеткішке ие болған алғашқы он бестікке енген оқытушыларға ынталандыру мақсатында колледждің арнайы есеп шотынан қаржылай сыйақылар берілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған