Previous
Next
28.09.2022ж. Жол-көлік колледжінің презентация залында Дебат клубының жоспарына сәйкес, «Бұл палата Әлемдегі бейбітшілік орнату үшін әскері күш қолданған дұрыс па?» тақырыбында пікірсайыс-дебат өткізілді. Оқытушылар Э. Тілеубаева жетекшілік ететін ТМ 9-214 тобы Үкімет, М. Садырбай жетекшілік ететін топ АЭ 9-211 оппозиция ретінде өз ұстанымдарын дәлелдеуге тырысты. Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Ешимов және оқытушылар, студенттер қатысты. Көрермен ретінде қатысқандар да дебатқа қызығушылық танытып сұрақтар қойып пікірлерін білдірді. Көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша Эльвира Тілеубаеваның ТМ 9-214 Үкімет тобы жеңіске жетті.
Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ешимов дебаттың оқушылар тәрбиесіне қосар үлесі көп екендігін, шәкірттерге ойын жасқанбай айтуы керектігі жөнінде біршама келелі ой қозғады.