«Өмір мәні…» тақырыбында семинар-тренинг

17.04.2019 ж. күні Жол көлік колледжінің жатақханасында колледж психологы Мұса Таңшолпан және жатақхана тәрбиешісі Төлеуова Бағила Нұғманқызы студенттермен бірге «Өмір мәні…» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренингтің мақсаты : оқушыларға әрқайсысы қоғамның болашағы екендігін, сол болашақтың тағдыры өздерінің қолдарында екендігін ұғындыру болатын. Студенттер өз өмірінің мәнін түсінуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның ара жібін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын білуге үйренді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған