«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН АЛДЫН-АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ

«ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН АЛДЫН-АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ІС-ШАРА ӨТТІ
Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында колледж студенттерімен Абай аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Әбілқасым Бәйдібек және осы басқарманың мамандарымен бірлесе «Өрт қауіпсіздігінің алдын алу » атты түсіндірме жұмыстарын өткізді.
Студенттерге өрттен сақтану үшін төмендегі іс-шараларды орындау керектігі ескертілді:
Түтіндіктер мен ауа тартқыш құбырлардың жағдайын тексеріп, олардың бітеліп қалмағандығына көз жеткізіңіз;
Маймен, газбен жылытылатын тұрмыстық құралдарды, каминдер мен ағаш жағылатын пештерді тексеру үшін арнайы дайындықтан өткен шеберлерді жыл сайын шақырыңыз;
Әр үйде иісті газдың таралуын анықтайтын батереяға орнатылатын дабылды құрылғылар болуы тиіс.
Иісті газбен уланудың себептері:
Автокөлікті сөндірмей кету
Түтіндіктің бітелуі
Су жылытқыштың вентиляциялық құбырының тоттануы
Пеште немесе каминде жанып жатқан отын
Пештің жылу алмастырғышындағы ақау
Ас үй плитасының немесе вентиляцияның дұрыс орнатылмауы
Ғимаратта немесе гаражда грильді қолдану
Тасымалданатын керосинді немесе газды жылытқыштардан келетіндігі жете түсіндірілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған