07320700 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» арнайы пәндері циклдік комиссиясының ұстаздары арасында «ҮЗДІК ШЕБЕР» байқауы өтті.

Жол-көлік колледжінде ТжКББ жүйесін жетілдіру және өз ісінің талантты шеберлерін анықтау мақсатында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің арасында «WorldSkiills» Халықаралық чемпионатының талаптары шеңберінде 07320700 «Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы және пайдалану» арнайы пәндері циклдік комиссиясының ұстаздары арасында «ҮЗДІК ШЕБЕР» байқауы өтті. Байқауға қатысқан арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері теориялық және тәжірбиелік білімдерін және заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жан-жақты меңгергендіктерін көрсетті. Қатысушылар теориялық және тәжірбиелік үш модульден тұратын тапсырмаларды орындай отырып, жинаған балдық көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға колледж директорының арнайы дипломдары мен қаржылай марапаттар тапсырылды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған