2021 жылдың 30 қараша күні Жол-көлік колледжінде «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» және Жол-көлік колледжінің 50 жылдығы кең көлемде аталып өтілді. Іс-шараның жоспарына сәйкес жарты ғасыр тарихы бар білім ордасын осы уақытқа дейін басқарған директорлардың атына оқу кабинеттері ашылды. Құрметті қонақтар қатарында колледжді 1989-1997 жылдары басқарған Анри Тілегенұлы Жолдыбаевтың ұл-қыздары Асқар Анриұлы мен Гүлжан Анриқызы, 1997-2009 жылдары колледжде директорлық қызмет атқарған техника ғылымдарының докторы, профессор, ұлағатты ұстаз Керімжан Сейтжанұлы Сейтжанов, 2009-2011 жылдары оқу ордасына басшылық жасаған Күнтуған Тойшыұлы Тойшиевтар болды. Қонақтар колледж тарихынан сыр шертіп, өткен күндерден тәлімді естеліктер айтып, колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, колледж ұжымының жасап жатқан еңбегіне зор баға беріп, колледж басшысы Гүлзат Үкібайқызының жұмысына табыс тіледі. Өз кезегінде Гүлзат Үкібайқызы колледж ардагерлеріне құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.
Мерекелік іс-шара колледждің мәжіліс залында жалғасын тауып, колледжге еңбегі сіңген ардагерлер, колледж ұстаздары әртүрлі уәкілетті мекемелердің мерекелік медалімен, мақтау грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шара концерттік бағдарламамен өз соңына жетті
Previous
Next