






Previous
Next
30.04.2019 ж. күні Жол-көлік колледжінде Абай ауданының әкімдігімен бірлесе отырып, 1-мамыр, Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамына орай іс-шара өтті. Іс-шараны Абай ауданының әкімі Б.Р.Парманов мырза салтанатты түрде ашты және колледж директоры Г.Ү.Искакова қатысушыларды мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шараға Абай ауданына қарасты тұрғындар, ардагерлер және колледж ұжымы қатысты. Іс-шара барысында мерекелік марапаттаулар рәсімі өтіп, арнайы консерттік бағдарлама қойылды.