«Саналы ұрпақ» фронт-офисінің ашылу салтанаты

       05.12.2018ж. күні Жол-көлік колледжінде «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.А.Шілманов, Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Текебаева, ШҚББ бөлімінің басшылары және Шымкент қаласы ТжКББ ұйымдарының келген әріптестер мен БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Жол-көлік колледжінің директоры Г.Ү.Искакова «Саналы ұрпақ» жобасының негізгі миссиясы – сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстанда тұратын патриот және бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу, мақсаты – білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тарту ортасын қалыптастыру, стратегиясы – елдегі білім беру ұйымдарында озық тәжірибені одан әрі пайдалану екендігін таныстырып өтті. Сонымен қатар, Гүлзат Үкібайқызы бұл колледжде ашылған орталықта студенттер сыбайлас жемқорлыққа қатысты күрес әдістерімен танысатынын, яғни жоба жастарды жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтардан бойын аулақ ұстауға, қоғамдағы келеңсіз жайттарға қарсы тұрарлық күш қалыптастыруға және сессия кезінде парақорлыққа жол бермеуге үндейтінін айтып өтті. Іс-шара барысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы А.А.Шілманов пен Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Текебаева арасында әріптестік Меморандумына қол қойылды. Жол-көлік колледжінің директоры Г.Ү.Искакова келген қонақтарды колледждің материалдық-техникалық базасымен және колледж асханасы жанынан ашылған «Адалдық» дүкенінің жұмысымен таныстырды. Г.Ү.Искакова «Адалдық» дүкенін ашудың басты мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және студент жастарға өздерін сенімді, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, бұл «Адалдық» дүкенінің ерекшелігі – колледж студенттері өздеріне қажетті бағасы жазылған заттарды таңдап, сатушысыз сатып алып, ақшасын арнайы кассаға салатынын және қажет болған жағдайда қайтарымын ала алатынын айта отырып, бұл игі бастама студенттердің бойындағы адалдық сезімдерін күшейтуге септігін тигізері сөзсіз екендігін риясыз жеткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған