1201000 мамандықтарының арнайы пәндері циклдік комиссиясының «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбында ашық апталығы

18.01.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде 1201000 мамандықтарының арнайы пәндері циклдік комиссиясының «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» тақырыбында ашық апталығы басталды. Апталықтың іс-шаралар жоспары бойынша карантин талаптарына сәйкес, қашықтықтан оқыту жүйесі негізінде колледж кітапханасында арнайы пән оқулықтары мен мамандықтарына сәйкес үздік макеттер көрмесі өтті. Сонымен қатар колледж студенттерінің сапалы біліммен қатар, өз мамандықтарын терең меңгеруге мүмкіндіктер туғызу мақсатында арнайы пән оқытушысы Н.Утешовтың «Механикалық беріліс қорабының қызметі» тақырыбындағы бейнесабағы COLLEGE SmartNation сайтына жүктеліп, колледж студенттерінің назарына ұсынылды және «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн форматта сабақ өтті. Сонымен қатар оқытушы Б.А.Торыжанов «Ар-намысты арқалаған рухты батыр-Бауыржан» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына батыр мұрасын зерттеуші, ақын, республикалық жыр мүшайраларының жеңімпазы А.Б. Қалшабек қатысып, колледж студенттерімен офлайн форматта өткен іс-шарада өзара пікір алысып, студенттерге батырдың өнегелі өмір жолы мен шығармашылық еңбектерінен сыр шертті және қазақтың хас батыры туралы жазылған кітаптардың шығу тарихымен таныстырды

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған