16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі

15.12.2018ж. күні Жол-көлік колледжінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Г.Ү.Искакова құттықтау сөзімен ашты және колледждегі жауапты да нәтижелі жұмыс атқарған қызметкерлер мен педагогикалық-шығармашылық жетістіктерге қол жеткізген оқытушыларды, сондай-ақ үлгілі тәртіп, сапалы білімімен көзге түскен студенттерді арнайы Алғыс хаттармен, грамоталармен марапаттады. Марапаттау рәсімінде Гүлзат Үкібайқызы колледжде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері», «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген Құрметті Қызметкер» төс белгілерінің, ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, ҚР ОҚО Мәслихатының Құрмет грамотасы, ҚР ОҚО әкімінің Алғыс хаты, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Дипломының, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Төсбелгісінің иегері, колледжде аға буын жоғары санатты оқытушы, колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Ешимов Рахманберді Анарбайұлының Қазақстан білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің «Еңбек ардагері» медалінің иегері атанғанын ерекше атап, ұжым атынан құттықтады. Сонымен қатар, «WorldSkills Kazakhstan – 2018» республикалық төртінші ұлттық чемпионатының жеңімпаздары мен жетекшілеріне арнайы құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыс етті. Салтанатты жиын колледж студенттерінің дайындаған мерекелік бағдарламасымен жалғасты.


Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған