Жол-көлік колледжінде Халықаралық студенттер күніне орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында студенттер өз өнерлерін ортаға салып, көңілді ән-би, ойын-сауық бағдарламалары арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды. Оқуда үздік нәтиже көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысқан студенттер колледж директорының және “Жастар ресурстық орталығы” КММ –нің, Шымкент қалалық «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл іс-шара студенттердің шығармашылығын шыңдап, бір-бірімен достық қарым-қатынасын нығайтуды мақсат етті.
Көңілді кеш студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас сәттерге толы болды.
Барша студенттерді мерекелерімен құттықтаймыз!