2019-2020 жаңа оқу жылының дәстүрлі педагогикалық кеңесі

02.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде 2019-2020 жаңа оқу жылының дәстүрлі педагогикалық кеңесі өтті. Педагогикалық кеңес соңында колледж директоры Г.Ү.Искакова «Білім және ғылым» тақырыбында өткен қалалық Тамыз конференциясында қала Әкімі Е.Қ.Айтаханов мырзаның тапсыруымен колледжде ұзақ жылдар ұстаздық қызмет атқарған ардагер ұстаз Сарғалдақов Қыдырбай Тулепбергенұлы мен арнайы пән оқытушысы Манкараева Бибімариям Әлайдарқызының Төс белгілермен марапатталғанын айтып, колледж ұжымының алдында салтанатты түрде табыс етті. 
Бибімариям Әлайдарқызы «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» Төс белгісіне ие болса, Қыдырбай Тулепбергенұлы «Ыбырай Алтынсарин» Төс белгісімен марапатталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті ұстаздар!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған