2021 жылдың үздік педагогі

03.06.2021ж. күні Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастырған «Үздік педагог» атағын беру Конкурсының қалалық ІІ кезеңінен өткен Жол-көлік колледжінің арнайы пән оқытушысы, 1201000 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтарының арнайы пәндер ПЦК төрағасы Торыжанов Бауыржан Абайұлын ШҚББ әдістемелік орталығының директоры М.Медетбекова Шымкент қаласы білім басқармасы басшысы Ж.А.Тажиеваның атынан «2021 жылдың үздік педагогі» атағының иегері Куәлігімен марапаттады. Ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін, педагогтің білім беруді дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ педагогтің кәсіби шеберлігі мен тұлғасын бағалау өлшемшарттары бойынша сарапқа салған аталмыш байқауда жеңімпаз ретінде танылып, «Үздік педагог» атағын беру конкурсының республикалық кезеңіне ұсынылған Бауыржан Абаевичті колледж директоры Г.У.Искакова құттықтап, шығармашылық өрлеу мен жеңіс тіледі.
Адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенетін ұстаздық жолыңыздағы еңбегіңіз жемісті де жеңісті болсын, Бауыржан Абайұлы!!! Құттықтаймыз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған