2023-2024 оқу жылында қабылданған топтардың арасында дәстүрлі түрде өтетін өнер-таным «Өнерлі-өрге жүзер» сайысына АЭ-9-235, ТМ-9-239, ОДД-9-231, ОДД-9-232, АТУЖТ-9-231, ТМ-231, ТМ-232, ТМ-233, АЭ-231, ЖМ-231, ТҰРАТ-231топтарының студенттері қатысты

Жол – көлік колледжінде 2023-2024 оқу жылында қабылданған топтардың арасында дәстүрлі түрде өтетін өнер-таным «Өнерлі-өрге жүзер» сайысына АЭ-9-235, ТМ-9-239, ОДД-9-231, ОДД-9-232, АТУЖТ-9-231, ТМ-231, ТМ-232, ТМ-233, АЭ-231, ЖМ-231, ТҰРАТ-231топтарының студенттері қатысты. Еске салсақ, сайыстың кезеңдері: таныстыру (топты,мамандықты қорғау), «Өлең-сөздің патшасы» (қара өлең,монолог,поэзия), өз өнері (ән,би), шебер қолдар (қол өнері), хор (патриоттық әндер) айтудан тұрды. Бүгін де сахнаға шыққан топтар ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекше көзге түсіп, белсене ат салысты. Бойларындағы таланты мен өнерлерін танытты.
30қазан мен 3қараша аралығында өткен «Өнерлі-өрге жүзер» сайысының қорытындысы қараша айында өтетін «Студенттер күні» мерекесінде жарияланады. Үздік деп танылған оқу топтары Дипломмен, Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған