«8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай салтанатты мәжіліс өтті

06.03.2023ж. Жол-көлік колледжінің мәжіліс залында «8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне» орай салтанатты мәжіліс өтті. Колледж директоры Г.Ү.Искакованың алғысөзімен ашылған салтанатты жиын колледж ер-азаматтар ұжымының, көркемөнерпаздар үйірмесі мүшелерінің қойған концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Оқуда, спортта үздік нәтиже көрсеткен студенттердің аналарына құрмет көрсетіліп, иықтарына орамал жапты. Жиын соңында залда отырған қыз-келіншектердің барлығына шоқ гүлдер таратылды. Ата-аналардың атынан сөз алғандар колледж басшылығына, мәжілісті ұйымдастырғандарға алғысын жеткізіп, колледждің алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Мейрамдарыңызбен аналар, арулар, әпкелер, қарындастар, қыз-келіншектер! Біз сіздерді жақсы көреміз!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған