








Previous
Next
07.03.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде көктемнің ең жарқын мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы салтанатты түрде аталып өтті. Колледж директоры Г.Ү.Искакова бүкіл әлемді алақанымен тербете алатын, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы болып саналатын Ұстаз – аналар қауымын құттықтап, білім беру саласында жетістікке жеткен ардақты ұстаздарды және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген үздік студент қыздарды Алғыс хаттармен марапаттады. Салтанатты кеш соңы колледж студенттерінің дайындаған бағдарламасына ұласты.