ӘЛІМЖЕТТІК – АҚЫЛЫ ЖОҚТЫҢ ӘРЕКЕТІ

Жасөспірімдерді әлімжеттік әрекеттерден арашалауға бағытталған жиын Шымкент қаласында да болып өтті. Көлік-жол колледжінде ұйымдастырылған жиналыста полицейлер студенттерді бұзақылық әрекеттерден аулақ болуға шақырды. Құқық бұзушылықтың соңы немен аяқталатынын жіті түсіндірді.

Еліміздің Ата заңында көрсетілгендей, еліміздің байлығы – адам және оның өмірі. Сондықтан азаматтар біріне бірі аса мейірімділікпен қарап, үлкен кішіге қамқор болғаны абзал. Біреуге жәбір көрсету – өзіңе ор қазу.

Марс Елекеев – Шымкент қалалық білім басқармасының бөлім басшысы

Жастар – қоғамның айнасы. Сондықтан да жастар белсенді болса, мына қоғам белсенді бола түспек. Әлімжеттік әрекеттердің алдын алу мақсатында арнайы семинарлар өткізіп тұрамыз.

Әлімжеттік әрекеттің пайда бермейтінін жеткіншектер де жіті түсінеді. Сондықтан жол-көлік колледжінде бүгінге дейін бұзақылыққа бой алдырған бала жоқ. Оны құқыққорғау органы мамандары да растап отыр.

Заңғар Жаңабай – студент

Біздің колледжде жастардың бойын теріс әрекеттерден, әлімжеттіктен аулақ қылу мақсатында арнайы үйірмелер жұмыс істеп тұр. Жастар бос уақытта сол жерде түрлі сабақтар өтіп, бір-бірімен қарым-қатынасты арттыра түседі.

Құқық қорғау органдары қызмет­керлерімен болған әңгімеден аңғарғанымыз, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың құпиясы тез ашылады. Өйткені олар қылмысқа балалықпен, аңғалдықпен ұрынатын көрінеді. Демек, қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен құқық қорғау органдарының бірлескен іс-қимылына байланысты екенін есте ұстау керек.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған