11.04.2019ж. күні ҚР Білім және ғылым министрі Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы Шымкент қаласына келген арнайы іс-сапар барысында Жол-көлік колледжінде Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшыларымен және педагог қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында Күләш Ноғатайқызы жалпы педагог қызметкерлерді толғандырып жүрген:
– мектепке дейінгі білім беру жүйесіне Әліппені енгізу мәселесі;
– «Педагог мәртебесі» туралы;
– Жаңартылған білім беру жүйесі;
– ТжКББ ұйымдарында оқытылатын жалпыбілім пәндерінің қысқартылу мәселесі және т.б. көкейтесті сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,
бойларын аулақ ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында
ашылған колледждегі «Саналы ұрпақ» фронт-офисінің
жұмысымен танысты. Кездесу соңында ҚР Білім және ғылым министрі К.Н.Шамшидинова білім саласындағы педагог қызметкерлер мен білім алушы жастарға жақсы білім алып, ел дамуына өз үлестерін
қосатынына сенім білдірді және колледж мұражайында сақталатын
естелік альбомға өз қолтаңбасын қалдырды.