«WORLDSKILLS SHYMKENT-2019» ұлттық чемпионатының жабылу салтанаты

12.04.2019ж. күні Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығында «WORLDSKILLS SHYMKENT-2019» ұлттық чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты жиында Жол-көлік колледжінің студенттері: 
– Егемберді Дидар – «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды;
– Қуаныш Ұлан Мұратұлы – «Шанақты жөндеу» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды;
– Бабажанов Хумаюн Жоксинұлы – Инженерлік графика CAD (автоматтандырылған жобалардың жүйесі)» құзыреттілігі бойынша жүлделі I орынды;
– Амантаев Әсет Асанович пен Өтепберген Дәуренбек Бахтығалиұлы – «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша жүлделі II орынды иеленіп, арнайы Дипломдармен марапатталды.
Жарайсыңдар! Жеңіс құтты болсын! ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ – тек қана алға! Шеберліктерің шыңдала берсін!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған