Мақсаты: Білім алушының тұлғалық және кәсіптік бағытта өзін-өзі жетілдіруіне, психологиялық көмек көрсету. Студенттік өмір салтына және жеке тұлға ретінде қалыптасуға бейімделу.
Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты-білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-социолог, колледж инспекторы және оқу топтарының жетекшілері кіреді.
Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:
- Инновациялық белсенді жұмыс әдістері мен нысандарын енгізу;
- Тұлғаны табысты оқыту,дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;
- Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктер дамыту;
- Колледждегі оқу үдерісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
- Білім алушылар, педагогтр, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу;
Негізгі жұмыс бағыттары:
- Психодиагностикалық бағыт;
- Психопрофилактикалық бағыт;
- Психокоррекциялық бағыт;
- Кеңес беру;
- Психологиялық білімді көтеру;
Психологиялық қызметтің жұмыс кезендері:
- Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;
- Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;
- Бейімделу кезеңін бақылау;
- Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын-алу;
- Жас мамандарға көмек;
- Ата-аналармен жұмыс;
Әлеуметтік педагог – Қуанышбекова Жанна Бегимбековна
Педагог – психолог
Умирзакова Марал Мукановна, Нұрлыбаева Салтанат Мейрбекқызы