Previous
Next
15.05.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде топ жетекшілер бірлестігінің төрағасы П.Абдразахованың ұйымдастыруымен «Бала – бақыт бастауы, отбасы – алтын діңгек» тақырыбында тренинг өтті. Аталмыш тренингке колледж студенттерінің ата-аналары қатысты. Отбасының басты қазығы алтын тіреу діңгегі – бала және оның тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол, сондықтан да бала тәрбиесіне мән беру, мәдениетін арттыру, ата-ана мен колледж арасында серіктестік орната отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасау бағытында ата-аналар ой бөлісіп, пікір алмасты.