13.09.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзушылық – қоғам дерті» тақырыбында құқық қорғау қызметкерлері мен колледж студенттері арасында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ полиция майоры С.Оспанов, аға лейтенант М.Қадырбаев, колледждегі ЕҚ және ҚТ инженері Н.Нұрданов және бөлім менгерушілері мен оқу топтарының жетекшілері қатысты. Аталмыш жиынды колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов ашты. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, сонымен қатар, түнгі жүрістердің зардабы, т.б. жөнінде көптеген мәліметтер келтіріліп, талқыланды және бейнефильдер көрсетілді. Сонымен бірге колледждің ЕҚ және ҚТ инженері Н.Нұрданов терроризм актісінің қаупі туындаған немесе терроризм актісі жасалған жағдайдағы әрекеттер туралы жаднамамен таныстырып, терроризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйым екенін, қоғамда алауыздық тудыратынын және оның зардабы жайында айтып өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 23.00–ден кейін ата-анасы немесе заңды өкілінсіз жүруге тиым салынатындығын және әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері рейдтік шаралар ұйымдастыры латындығы ескертілді.