Previous
Next
01.10.2019ж. күні Жол-көлік колледжінде «Дін саласын зерттеу орталығы» қауымдастығының директоры А.М.Жумагалиева мен «РУХ» психология және тұлғаны дамыту орталығының директоры Р.С.Баймухаметова «Орталық Азиядағы тұрақтылыққа бағытталған ашық диалог» тақырыбында колледж студенттеріне тренинг өткізді. Іс-шара барысында діндер арасындағы диалогтың пайдасы, әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың нығаюы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді, сонымен қатар толыққанды жетілген тұлға болып қалыптасу, жастардың бойында ең маңызды деген адамгершілік, ар-ождан, адамға ізгілік әкелетін рухани құндылықтар және бірлік пен ынтымаққа тәрбиелеу мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырды.