«Жас маман» жобасы ҚР ТұңғышПрезиденті Н.Ә. Назарбаевтың 23.01.2019ж «Жастар жылының» ашылуы салтанатындағы тапсырмасы бойынша қолға алынды. Жобаның операторы «Кәсіпхор» Холдинг КЕАҚ болып отыр. Бұл жобаның мақсаты – 100 сұранысы жоғары мамандықтар бойынша 180 колледж бен 20 ЖОО модернизациялау, білікті мамандар даярлаудағы халықаралық тәжірибені ендіру. 2020 жылы республикадағы 80 колледж осы жобаға таңдалынып алынды. Оның ішіне Шымкент қаласынан 2 колледж еніп отыр: Жол-көлік колледжі, Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі. Біздің «Жол-көлік колледжі» 2 мамандық бойынша жобаға енді. Олар:
1) 1201000 «Автокөлікті жөндеу жәнеқызмет көрсету».
2) 1303000 «Темір жол көлігіндегі автоматикасы мен телемеханикасын басқару».
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында шет ел серіктестерімен 2 жыл бойы ИПР-ді оқыту, колледждің жұмысын бағалау, халықаралық стандарттарға негізделген кадрларды даярлау бағдарламасын ендіру жүргізіледі:
1) 29.02.2020 жылға дейін 180 колледжден мәліметтер жинақталады.
2) 2020ж 30 маусымына дейін арнайы шет ел серіктестерімен Кәсіпхор Холдинг тарапынан өкілдер жобадағы колледждерге келіп, аудит жүргізіледі. Оқытушылармен, студенттермен кездесу, сұрақтарға жауап алу, ИПР, колледж әкімшілігінен, студенттерден, жұмыс берушілерден интервью алу,жұмыстары жүргізіледі. ( кестеге сәйкес)
3) 2020ж 31 шілдесіне дейін әрбір колледжге кадрлар даярлаудың халықаралық стандарттарын ендіруге байланысты жоспар жасалынады.
2020ж 1 қыркүйегінен бастап, осы жаңа бағдарламаны ендіру қолға алынады. Оның алдында колледж «Салалық аккредитациядан» өтуі қажет.
ИПР-ді оқыту 2020 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Колледждің материалдық базасын жаңарту мен толықтыруға 275 млн 054 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінеді. Жергілікті бюджеттен ағымдағы жөндеу жұмыстарымен шығын материалдарына 14 734 025т бөлінеді деп күтілуде.
Жас маман жобасына енген колледждер «Құзіреттілікті бағалау орталығы», «World Skills жаттығу лагері», «Кәсіби бағдар және карьера орталығы» болады. Оқу процесі толық автоматтандырылады.
«Құзіреттілікті бағалау орталығы» болып жұмыс жүргізу үшін ең алдымен МИНТРК техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредитация орталығынан» аккредитациядан өту талап етіледі. Осы жоба аясында «Индустриялық кеңес» құру талап етілген. «Индустриялық кеңес»білім беру бағдарламаларының сапалы іске асуына, студенттердің практикалық машықтануларының ауқымын кеңейту үшін салалармен байланысты нығайтуға, бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына мүмкіндік беруге ықпал етеді. Колледжге қарасты «Индустриялдық кеңес» төмендегі құрамда бекітілді: