Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 наурыз жалпыхалықтық Алғыс айту күні мерекесіне орай, Жол-көлік колледжінде бірлік пен достықтың жарқын белгісі ретінде құрылған «Достық» клубының жетекшісі З.Ф.Шамшиметов пен клуб мүшелері ел басына түскен қиын-қыстау, қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, көмек қолын созған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына және Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтарға, ел ағаларына шын жүректен Алғыс айтты.