04.03.2021ж. Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен өткен «Көктем аруы-2021» байқауына қатысып, үлгілі өнер көрсеткені үшін ОПУЖТ 9-171 тобының білім алушысы Нұрбекова Әсема Сабитқызы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мырзаның Алғыс хатымен және арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Әсема Сабитқызы бүгінгі марапатыңызбен құттықтаймыз! Сізге, шығармашылық табыс пен таусылмайтын шабыт тілейміз!