Жол-көлік колледжі Мансап орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы ҚР Үкіметінің 2021ж 12 қазандағы №728 қаулысымен бекітілген «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» аясында бітіруші түлектерді жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстыру, бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру және мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында Абай ауданы Жұмыспен қамту орталығының мамандары Ибрагимова Жібек Өмірбекқызы, Тұңғышпен Аманжол Сағынтайұлы шақырылып, бітіруші түлектермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында бітіруші түлектер тақырыпқа сәйкес өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, лайықты жауаптарын алды.