ОТАНДЫ СҮЮ – ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ

⚜️20.04.2022ж. Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімі және Абай ауданымен бірлесе отырып жастардың діни танымдығы арттыру мақсатында кездесу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: студенттерге діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, сонымен қатар ата-ананы құрметтеу және жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.
Кездесуге Шымкент қаласы Абай ауданның бас имамы Жәміш Бердалы және Хаклифа Омар мешітінің бас имамы Данабек Аліпбайұлы және Жол көлік колледжі МКҚК-нің студенттері қатысты.
Кездесу барысында жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғалып жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған