25 сәуір, 2023 жылы «Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Мейірімділікті анадан үйрен» тақырыбында аналармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардақты аналар бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын айтып, оқушылармен бөлісті. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, сұхбат құрды. Кеш соңы әсем әуенмен жалғасын тапты.
Апталық 28 сәуірге дейін жалғасады.