26 сәуір, 2023 жылы «Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі» атты топ жетекшілер бірлестігі апталығының жоспарына сәйкес колледж мәжіліс залында «Әке – асқар тау» тақырыбында әкелермен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында жетістікке жетіп, үздік нәтиже көрсетіп жүрген колледж студенттерінің әкелері бала тәрбиесіндегі әкелердің алар орнына қатысты өз ойларын айтып, оқушылармен бөлісті. Оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, сұхбат құрды. Кеш соңы әсем әуенмен жалғасын тапты.
Апталық 28 сәуірге дейін жалғасады.