«АСҚАҚТАЙ БЕР – АЙБЫНДЫ ҚАЗАҚСТАН» атты іс-шара өтті

Шымкент қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Жол-көлік колледжімен бірлесіп Республика күніне орай, «Асқақтай бер-айбынды Қазақстан!» атты іс-шара өтті. Көркем сөз оқып, әуенді әндер шырқалды.
Мәдениет қайраткері Асқар Әлиханұлы және Құрманғазы Ізтілеуов, Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің штаб бастығының орынбасары майор Макатов Ерлан Мұратұлы қазіргі таңда Қазақстандай – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында екенін баса айтып, егемендік жолындағы Қазақстан патриоттығын айқындайтын факторларды тілге тиек етті. Іс-шараға белсене қатысқан оқытушылар мен студенттер грамоталармен марапатталды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған