«Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әлеуметтік серіктес – «Global Sapa» халықаралық академиясымен бірлесіп, шетелдік (Оңтүстік Корея ) оқу-тағылымдамалық сапар ұйымдастырды.

2025 жылдың 27 қазан 2 қарашы күндері аралығында «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы әлеуметтік серіктес – «Global Sapa» халықаралық академиясымен бірлесіп, шетелдік (Оңтүстік Корея ) оқу-тағылымдамалық сапар ұйымдастырды.
Мақсаты:
– «Жұмысшы мамандықтары жылы» шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
* ТжКБ жүйесін интернационалдандыру;
* колледж педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру;
* студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіріп, академиялық мобильдігін кеңейту.
Іс-сапар барысында Шымкент қаласы білім басқармасының «Жол-көлік колледжі» МКҚК Оңтүстік Кореяның KARIS Ассоциациясымен бірлесіп, «TVET» әрекетте: Оңтүстік Кореяның халықаралық білім беру бағдарламасы аясында Кореяның жетекші оқу орындарымен меморандумдар түзіп, халықаралық аккредитациядан өту мақсатында келіссөздер жүргізіп, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру мақсатында білім беру жүйесіне ендіру мәселелері қаралды.
* 2025 жылғы 28 қазанда Оңтүстік Кореяның Sung-woon University университетімен ресми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
– 2025 жылғы 29 қазанда ХОСО университетінің өкілдерімен кездесті.
* 2025 жылғы 30 қазанда Оңтүстік Кореяның Tekville Education Co. білім беру ұйымымен кездесу өткізді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған