«Talap» КЕАҚ президенті Ордабаев Олжас Темірбекұлы Жол-көлік колледжінің материалдық-техникалық базасымен және «Жас маман» жобасы аясында алынған құрал-жабдықтардың орналасуы, іске қосылуымен танысты.

30.03.2022ж. «Talap» КЕАҚ президенті Ордабаев Олжас Темірбекұлы Шымкент қаласына жасаған іс-сапарының жоспарына сәйкес Жол-көлік колледжінің материалдық-техникалық базасымен және «Жас маман» жобасы аясында колледж базасын нығайту үшін 07161300 – «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және 07140700 – «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша алынған құрал-жабдықтардың орналасуы, іске қосылуымен танысты. Колледжге сапары барысында Олжас Темірбекұлы колледждің әкімшілік құрамымен, оқытушыларымен, студент жастарымен сұхбаттасып, сұрақтар қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған