«WorldSkiills Kazakhstan – 2019» СҮЙІНШІ!!!

СҮЙІНШІ!!!! СҮЙІНШІ!!! СҮЙІНШІ!!!
06.11.-15.11.2019ж. күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында техникалық және кәсіптік білім беру саласының әлеуетін көрсететін «WorldSkiills Kazakhstan – 2019»
V республикалық чемпионатына, білім мен кәсіби шеберлік қабілеттерін қатар шыңдаған ЖОЛ-КӨЛІК КОЛЛЕДЖІНІҢ студенттері де қатысып, қанжығаларын майлап қайтты. Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам болашақ жас маман – 38 құзыреттілік бойынша сайысып, 500-ге жуық сарапшы баға берген аталмыш сайыста алдыңғы қатарлардың бірі болып «Жеңіл автокөлікке қызмет көрсету және жөндеу» құзыреттілігі бойынша : Егемберді Дидар – І жүлделі орын , алтын медальді; «Шанақ жөндеу» құзыреттілігі бойынша: Қуаныш Ұлан – ІІІ орын, қола медальді және «Инженерлік графика CAD (автоматтандырылған жобалау жүйесі)» құзыреттілігі бойынша: Бабажанов Хумаюн – «Үздік маман» медальін қанжығаларына байлап қайтты.
ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
І жүлделі орын, алтын медаль иегері Егемберді Дидардың ендігі межелі додасы Австрия мемлекетінде өтетін Әлемдік байқауда болмақ!!!
Білікті басшы Гүлзат Үкібайқызы басқарып отырған Жол-көлік колледжінің ұжымы! Болашақтарыңыз жарқын, мақсаттарыңыз айқын, жеңістеріңіз баянды болсын!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған