«WorldSkills Kazakhstan -2021» Ұлттық чемпионатында Жол-көлік колледжінің студенті жүлделі ІІІ орынды иеленді

WORLDSKILLS ЧЕМПИОНАТЫ ҚАЗАҚСТАНДА!
Азамзат өмірі кәсібилікке негізделген. Кәсіпқойлық адамдар мен қоғамды қалыптастырады. Сантехниктер, электриктер, механиктер, аспаздар, дизайнерлер, слесарьлар, IT мамандар және өз ісінің көптеген басқа кәсіпқойлары күн сайын біздің әлемді өз қолдарымен жасайды.
Бүгінде 70-тен астам ел жұмысшы кәсіптеріндегі құзыреттілікті дамытуға бағытталған ең ауқымды іс-шараға қатысуда. WorldSkills дағдыларды жетілдіру мен дамытуға арналған жаһандық алаң.
WorldSkills қозғалысы әлемдік экономиканың өзгерістеріне жауап береді. Он мыңдаған жастар мен мамандар чемпионатқа қатысып, бағын сынады. WorldSkills қозғалысы чемпиондарды, сарапшылар мен демеушілерді бүкіл әлемдегі өмір сапасын арттыруға, экономикалық және кәсіби дамуға бағытталған жобалар мен бастамаларға біріктіреді.
Бүгінде қозғалыс алты бағыт бойынша дамуда: мамандықтарды дәріптеу, мансапты құру, чемпионаттарды ұйымдастыру, оқыту және дайындау, халықаралық ынтымақтастық және даму, зерттеу жұмыстары.
Республикалық «WorldSkills Kazakhstan -2021» Ұлттық чемпионатында Жол-көлік колледжінің студенті Тасқұл Еркебұлан «Жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленіп, жоғары нәтиже көрсете білді.
Жүлдегерді құттықтаймыз! Алға, Жол-көлік колледжі. Жарайсың, Еркебұлан!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған