«WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша Жол-көлік колледжі қосқан жүйріктер тамаша табысқа қол жеткізді.

Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent – 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің қорытындысы бойынша Жол-көлік колледжі қосқан жүйріктер тамаша табысқа қол жеткізді. Атап айтар болсақ, Ильяс Құттыбай Қиясұлы – «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу», Битанов Айталы Мейрамбекұлы – «Шанақ жөндеу», Қалдарбек Бақтияр Бауыржанұлы – «Автокөлікті бояу», Сейлхан Данияр Досымұлы – «Темір жол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару» құзыреттіліктері бойынша І орынға ие болса, Корчубаев Фахрухжан Муратжанович – «Жеңіл автомобильдерге қызмет көрсету және жөндеу», Сапаров Сәуірбек Нартайұлы – «Жүк көлігіне қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІ орынды, Курманали Досымжан Асильханұлы – «Жүк көлігіне қызмет көрсету», Джарилқосимов Жанполат Асқар Уғли – «Шанақ жөндеу», Уразалиев Асилбек Талгатович – «Автокөлікті бояу», Қалмырза Ақберген Ғалымжанұлы – «Инженерлік графика CAD» құзыреттіліктері бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздардың республикалық чемпионатта чемпион болуларын тілейміз!
Жол-көлік колледжі, алға!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған