


Previous
Next
04.02.2021ж. күні Жол-көлік колледжінде білім алушылардың ата-аналарымен «ZOOM» бағдарламасы шеңберінде ата–аналар жиналысы өтті. Жиналыста колледж директоры Г.Ү. Искакова ашып, ата-аналарды 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында колледжде атқарылған жұмыстар және ауқымды іс-шаралармен таныстырып өтті. Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Е.Е.Абдираимов пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Р.Ешимов оқу-тәрбие процестеріне қатысты мәліметтер жөнінде баяндап, нақты ақпараттар берді. Жиын барысында ата-аналарды толғандырған көптеген сұрақтарға нақты жауап беріліп, өзара пікір алысты