Елімнің бақыты – Тәуелсіздік

13.12.2019ж. күні Жол – көлік колледжінде ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Елімнің бақыты – Тәуелсіздік» атты салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында колледж директорының міндетін атқарушы А.Б.Акмулдаев колледж ұжымын және колледждің белсенді студенттерін айтулы мерекемен құттықтап, егемендік алған жылдар ішінде Елбасының бастамасымен еліміздің қол жеткізген табыстары мен шыққан биік белестеріне тоқталып өтті. Салтанатты жиын барысында колледж директорының міндетін атқарушы А.Б.Акмулдаев пен колледж оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Р.А.Ешимов колледж оқытушылары мен қызметкерлерін қол жеткізген табыстары мен еңбектері үшін Алғыс хаттар мен арнайы сыйақылармен марапаттады.
Салтанатты жиын колледж студенттерінің ұйымдастырған мерекелік бағдарламасына ұласты.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған