Рахманберді Анарбайұлы «КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРІ» төсбелгісімен марапатталды

24.12.2019ж. күні Шымкент қаласы «Саз колледжінде» Түркістан облысы және Шымкент қаласы Кәсіподақ Федерациясы аясында өткен Форумда Жол-көлік колледжінің ардагер ұстазы, колледждің қызметкерлері мен оқытушылары кәсіподақ ұйымының төрағасы,
тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру ісінің Құрметті Қызметкері», «Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін», «Кәсіподаққа еңбегі сіңген Құрметті Қызметкер», «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» Төс белгілерінің, ҚР Президентінің «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, ҚР ОҚО Мәслихатының Құрмет грамотасы, ҚР ОҚО әкімінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және ОҚО Әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалдарымен сондай-ақ, т.б. көптеген марапаттаулардың иегері Рахманберді Анарбайұлы «КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРІ» төсбелгісімен марапатталды. Рахманберді Анарбайұлын Жол –көлік колледжінің ұжымы шын жүректен құттықтай отырып, сізге мықты денсаулық, қажымас қайрат тілейді. МАРАПАТТЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған