Колледж жатақханасының Акт залы мен жаттығу залының ашылу салтанаты

26.02.2020ж. күні Жол-көлік колледжінің жатақханасында Акт залы мен жаттығу залының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне колледж директоры Г.Ү.Искакова, колледж оқытушылары мен қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы, ардагер ұстаз Р.А.Ешимов пен сыртқы бөлім меңгерушісі, ардагер ұстаз Қ.Т.Сарғалдақов бастаған әкімшілік қызметкерлері мен бір топ оқытушылар қатысты. Ашылу салтанаты жатақханада тұратын колледж студенттерінің ұйымдастырған концерттік бағдарламасына ұласты

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған