Колледждегі психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. Психологиялық қызметтің құрамына педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, педагог-социолог және оқу топтарының жетекшілері кіреді.
Колледждегі психологиялық қызметтің міндеті:
– Тұлғаны табысты оқыту, дамыту әрі оның әлеуметтенуі мен кәсіби қалыптасуы үшін психологиялық жағдай жасау;
– Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің арасындағы өзара түсіністікпен, өзара әрекеттестікті нығайтуға жағдай жасау;
– Білім алушылардың әлеуметтік маңызды тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін жеке қызығушылықтар мен қажеттіліктерді дамыту;
– Колледждегі оқу үрдісі мен тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында психологиялық зерттеулер жүргізу;
– Білім алушылар, педагогтар, ата-аналар арасында салауатты өмір салтын үгіттеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі жұмыс бағыттары:
– Психодиагностикалық бағыт;
– Психопрофилактикалық бағыт;
– Психокоррекциялық бағыт;
– Кеңес беру;
– Психологиялық білімді көтеру.
Психологиялық қызметтің жұмыс кезеңдері:
– Психологиялық қызмет бойынша жұмысты жоспарлау;
– Педагогикалық ұжым мүшелерімен жұмыс;
– Бейімделу кезеңін бақылау;
– Әртүрлі жас кезеңінде кездесетін қиыншылықтың алдын алу;
– Жас мамандарға көмек;
– Ата-аналармен жұмыс;
Психолог: Омарова Газиза