«ҚЫЗ ҚЫЛЫҒЫМЕН» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚЫЗДАР АРАСЫНДА КЕҢЕС ӨТТІ

Жол-көлік колледжінде қыздар кеңесінің төрағасы Д.Жумашбекованың ұйымдастыруымен «Қыз қылығымен» тақырыбында қыздар арасында кеңес өтті. Ерте жүктілікті алдын алу мақсатында жеке шекара белгілеу бойынша колледж психологы Ғ.Омаровамен сұхбат жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді.
Кездесу барысында қыз баланың денсаулығы, жеке бас гигиенасы, оған тән қасиеттер туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, кез келген қыз бала денсаулығы мықты болуы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс әрекеттерден аулақ болуы қажет. Студенттер тақырыпқа байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, ойларын ашық жеткізе білді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған