«Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына студенттер барып қайтты

Саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихымыздың шерлі беттерінің бірі екендігі шындық. Сол бір қасіретті жылдарды есте сақтау, бүгінгі және келер ұрпақтың парызы екендігін ұғындыру мақсатында 12.02.2020ж. күні Жол-көлік колледжінің ТМ-9-181 оқу тобының студенттері колледждің әлеуметтік педагогі Ә.Искакованың ұйымдастыруымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына барды. Мұражай мамандары студенттерге сол кездегі сұрапыл естеліктерді баяндап, сол кездегі құжат көшірмелерімен, фотосурет шежірелерімен таныстырды. Сонымен қатар, студенттер 1932-1933 жылдары 5 миллион қазақтың ажалына түрткі болған ашаршылық кезінде бүтіндей бір отбасы өмірінің ауыр тарихын әңгімелейтін, бір отбасының трагедиясы арқылы тұтас ұлттың қасіретін көрсететін «Бір уыс бидай» атты қысқа метражды фильмін көріп, үлкен әсер алды.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған