Студенттер күні құтты болсын!!!

16.11.2019ж. күні Жол – көлік колледжінде сұлу сезім, қайратты мінез, ұшқыр ой мен жігерлі жастық шақтың мерекесі – «Студенттер күніне» арналған мерекелік іс-шара атап өтілді. Іс-шара барысында студенттердің қатысуымен ән мен күйден, жырдан шашу шашылды және жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін колледжішілік «Өнерлі өрге жүзер» сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаз топтар Мадақтама қағазы мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара соңында 2019-2020 оқу жылы қабылданған оқу топтарының студенттеріне салтанатты түрде Студенттік билет табыс етілді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған